22.04.2024, 16:57
Оқиғалар
Қытайда қатты нөсер салдарынан 4 адам қаза тауып, 10 адам хабар-ошарсыз кетті
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
фото: www.istockphoto.com
Соңғы күндері Гуандун (Оңтүстік Қытай) провинциясының көптеген ауданында қатты жауын-шашын түсіп, оның салдарынан 10 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Чжаоцин қаласы үш адамның өлімі жайлы, ал Шаогуан қаласы бір құтқарушының өлімі туралы хабарлаған.
Шаогуан мен Цинюаньды қоса алғанда, қалаларда жаңбырдың салдарынан 10 адам жоғалып кеткен.
Синьхуа хабарлағандай, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы уақытта қатты жаңбыр жоғарыда аталған провинцияның көптеген ауданына, соның ішінде Шаогуан, Гуанчжоу, Хейуан, Чжаоцин, Цинюань, Мэйчжоу және Хуйчжоуға әсер етіп, үйлердің бұзылуына, жолдардың жабылуына және көшкінге әкелді.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 09:11
Телефон ұстау, қарсы жолаққа шығу: дрондар жүргізушілердің 20 мыңнан аса жол ережесін бұзғанын анықтады (ВИДЕО)