22.04.2024, 07:52
Оқиғалар
Шымкентте қала орталығында көлік өртеніп кетті
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Фото: әуесқой түсірілімнен кадр
Алдын ала ақпарат бойынша, рөлде әйел адам болған. Абырой болғанда, ол көліктен шығып үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Куәгерлер бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған.
«Өртті сөндіруге 12 адам және екі техника бірлігі жұмылдырылды», — делінген Шымкент ТЖД хабарламасында.
Алайда өрт сөндірушілердің барлық күш-жігеріне қарамастан, көлік өртеніп кетті.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал сомасы белгіленеді.
Қазір тергеушілер өрттің себептерін анықтауда, көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды