19.04.2024, 23:39
Оқиғалар
Павлодарда бір жарым жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Ол бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды
Фото: istockphoto.com
Павлодарда бір жарым жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кеше кешкілік болған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.
«Облыстық жедел жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)