$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев судьяға телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты

Адвокат Ғазымжанов судьяға «қазір телефондағы көргіңіз келгенді көре аласыз, бірақ құпия сөзді білмейсіз» деді

Бишімбаев судьяға телефонының құпия сөзін айтудан бас тартты
видеодан скриншот

Астана сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың телефоны тексеруге алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бірақ, сотталушы құпия сөзді тек өзінің қорғаушысына ғана айтамын дейді.

«Айыптаушы тарап оны [ред.- Бишімбаевтың телефонын] өзінің дәлелі ретінде ұсына алмайды, мен оны қорғаушы тараптың дәлелі ретінде ұсынғым келеді», - деді Бишімбаев.

Судья оған келіскен жоқ.

«Қорғаушылар, конвертке құпия сөзді жазыңыз да судьяға беріңіз. Іс басқа инстанцияларға кететін болса, телефонды зерттеу керек болады. Егер құпия сөзбі бермесеңіздер, оны осы жерде ғана тексеріп, басқа инстанцияларда тексере алмаса, оның пайдасы жоқ. Ұялы телефонды осында әкеліңіз. Құпия сөзін айтыңыз», - деді судья.

Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов судьяға «қазір телефондағы көргіңіз келген дүниені көре аласыз, бірақ құпия сөзді білмейсіз» деді. Судья 10 минуттық үзіліс жариялады.

Серіктес жаңалықтары