ЕО мен АҚШ Иранға жаңа санкция салады
Джозеп Боррелдің айтуынша, жаңа шектеулер Ираннан қару-жарақ экспортына әсер етеді
Еуропа Одағы мен АҚШ Иранға жаңа санкциялар дайындап жатыр. Бұл туралы ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy DW-ге сілтеме жасай отырып.
Боррелдің айтуынша, жаңа шектеулер Ираннан қару-жарақ экспортына әсер етеді. АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның сөзінше, Иранның қорғаныс министрлігі мен Ислам революциясының қамқоршылар корпусына Американың санкциясы күшейеді. Сондай-ақ Иранның дрондар мен зымырандар шығару жұмысына бағытталады.
ЕО мен АҚШ-тың Иранға жаңа санкциялар салу туралы шешіміне Иранның Израильге әуе соққысын жасауы себеп болды.