Оралда мектеп оқушысы сарайда асылып өлген

Темірхан Айжан

Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Оралда мектеп оқушысы сарайда асылып өлген
Фото: freepik.com

Оралда оқушы бала асылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып. 9 сыныпта оқыған жасөспірімнің денесі шаруашылық құрылыс алаңынан табылды.

Оның әкесі баласын соңғы рет жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген. Бала үйде ұйықтап жатқан.

«Ол үйдегі екінші бала. Ұлым қағілез, ақкөңіл, жайдары мінезді еді. Жақсы оқыды, достары көп болды. Ортасының «гүлі» болды. Көршінің балаларымен араласатын, кәдімгі жеткіншектер сияқты сыныптастарымен, құрдастарымен араласты. Тәртіпті, ашық еді. Спортпен шұғылданды. Оны анасы сарайдан тауып алған, мен оның өзін өлтіргеніне сенбеймін», - дейді қаза тапқан баланың әкесі.

Қазір полиция оқушының өлімі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.