$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 15:32
Оқиғалар

Дәрігерлер дауы: Меркі ауданы әкімі жауапқа тартылды

Аудан әкіміне сөгіс жарияланды

Дәрігерлер дауы: Меркі ауданы әкімі жауапқа тартылды

Меркі орталық ауруханасында болған шулы оқиға бойынша облыс әкімдігінде арнайы жиын өтті. Онда ауданындағы медқызметкерлер проблемасы көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімдері және облыстың медициналық мекемелерінінің бас дәрігерлері бейне байланыс арқылы қатысқан. Онлайн өткен жиналыста өңірдегі медицина қызметерлерінің мәселесі көтереліп, қателіктерге жол берген басшылардың жауапкершіліктен құтылмайтыны айтылған. Ал Меркі орталық ауруханасындағы шулы оқиғадан соң аудан әкіміне сөгіс жарияланған.

«Облыс әкімі жиынды қорытындылай келе, жергілікті атқарушы органдар мен медициналық мекемелердің басшыларын азаматтардың өтініштеріне, тілектеріне және сыни өтініштеріне мұқият назар аударуға, әлеуметтік желілерде көтерілген мәселерге жедел ден қоюға шақырды. Меркі орталық ауруханасындағы резонансты оқиға бойынша аудан әкімі М. Өмірбековке (қатаң  емес) сөгіс жарияланды, ал Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Жұманқұловтың жауапкершілігі карантин режимі аяқталғаннан кейін қаралады», - деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Меркі аудандық орталық ауруханасының дәрігерігерлері Толқынай Ордабаева мен Қаламқас Төреқұлдың шағымдарынан соң, арнайы комиссия құрылған еді. Тексеріс нәтижесінде, аурухананың басшылары жұмыстан босатылды.

Ал аурухананың жаңа басшысы әлі орынбасарларын тағайындап үлгермеген.

«Меркі орталық ауруханасындағы оқиғаға қатысты жауапкершілікке тартылған аудан әкімі Мейірхан  Өмірбековке  сөгіс мерзімі аяқталғанша сыйақы берілмейді. Ал 6 ай ішінде тағы сөгіс алса,  аудан әкімінің лауазымы төмендейді  немесе қызметінен босату қарастырылады», - деп хабарлады баспаөз қызметі.

Бұдан бөлек, Тараз қаласындағы медицина қызметкерлері дау шығарған. Облыс орталығындағы жедел медициналық көмек қызметінің мамандары үстемақының төленбеуі мен  мен қорғаныш құралдарының жетіспеушілігін айтып шағымданды.

«Олардың талаптары жеке қорғаныш құралдарының жетіспеуі мен үстемақыға қатысты. Бұл орайда Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда жедел медициналық көмек қызметінде 2000 медициналық бетперде, 735 бір реттік респиратор, 169 бір реттік обаға қарсы костюмдер, 233 көп реттік костюмдер, 160 көзілдірік, 13691 қолғап, 1000 дана полиэтилен бахила бар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, 25 фельдшерге, 18 жүргізушіге, 1 дезинфекторға үстеме ақы төленген», - деп хабарлады әкімнің баспаөз қызметі.

Облыс орталығында туындаған мәселе бойынша Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті қызметтік тексерісті бастаған. Әкімдіктің ақпаратынша, облыс бойынша медицина қызметкерлеріне сыйақы беру үшін жергілікті бюджеттен шамамен, 80 миллион теңге қаржы қарастырылып жатыр.

«Облыс бойынша жедел көмек қызметінде 1585 адам жұмыс жасайды. Олардың  900-і фельдшер, 456-сы жүргізуші, 44-і дәрігер, 50-і АХЧ, 128-і кіші персонал. Шағым бойынша жүргізіліп жатқан тексерістің қортындысын қосымша хабарлаймыз», - деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары