12.04.2024, 12:25
Оқиғалар
Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр – «112» қызметі
Қостанай облысының тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Үкімет
«112» қызметі Қостанай облысының тұрғындарын ескертті. Байланыс нөмірлеріне ескерту хабарламасы жолданған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Облыста қар қатты еріп, соның салдарынан өзендер арнасынан асуға таяған.
«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр, қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Өзен тасуы мүмкін. Өзен ауданындағы кенттерде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда», - деп хабарлайды «112» қызметі.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)