$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Марқұм Салтанат Нүкенованың басындағыдай үлкен гематома адамды өлтіреді - сарапшы

Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованың ми қабығына қатты қан кеткенін айтты 

Марқұм Салтанат Нүкенованың басындағыдай үлкен гематома адамды өлтіреді - сарапшы
видеодан скриншот

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Сот залында Салтанат Нүкенованың мәйітіне қосымша сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров «Нүкеноваға уақытында көмек көрсеткенде, тірі қалар ма еді?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егер уақытында көмек көрсетіліп, дәрігерлер трепанация жасап, мидағы сұйықтықты алып тастап, қан кетуді тоқтатса, иә, адамды құтқаруға болады. Бірақ бұл күрделі жағдай. Жұмсақ ми қабығының астындағы жұлынға, яғни церебральды аймаққа қатты қан кеткен. Маманның пікірінше, оның тірі қалуы екіталай болған», - деді сарапшы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Салтанаттың миындағы субдуральды гематоманың көлемі 230 миллилитр болғанын атап өтті.

Сарапшының сөзінше мұндай үлкен гематома адамды өлтіреді.

«50-60 миллилитр қан жиналуы адам өміріне шын қауіп төндіреді. Ал 230 миллилитр гематомадан кейін ми орнынан қозғалып, қысылып қалған», - деді медициналық сарапшы.

Серіктес жаңалықтары