$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2024, 23:05
Оқиғалар

Қостанайда ТЖ кезінде заң талаптарына бағынбаған төрт тұрғын жазаланды

Олар агрессивті түрде әрекет етіп,  балағат сөздер айтқан

Қостанайда ТЖ кезінде заң талаптарына бағынбаған төрт тұрғын жазаланды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қостанайда ТЖ кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін төрт тұрғын жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімшілік сот оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Қостанай облысы ПД істің мән-жайын айтты.

«6 сәуірден бастап облыс орталығында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі енгізілді. 7 сәуірде түн ортасында су басқан Красный кузнец көшесіне бір топ адамдар келді. Полицейлерге қыздардың бірі қалған заттарын алу үшін үйге барғысы келетінін айтты. Күндіз эвакуациялау шаралары жүргізілмеді. Себебі көршілер де үйлерінен кетпейтінін көрген», - делінген хабарламада.

Кешке қарай осы аумақты тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Ауданда полицейлер эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізді.

«Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, олардың төртеуі агрессивті түрде әрекет етіп,  балағат сөздер айта бастаған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары