05.04.2024, 11:54
Оқиғалар
«Алтын-Емел» ұлттық саябағы өртенді
Өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Кеше түнде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Іле өзенінің бойындағы «Алтын-Емел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағының аумағында қамыс пен бұталар жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт жалпы ауданы 2 гектар жерді шарпыды», - делінген хабарламада.
Өрт болған жерде Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және «Алтын-Емел» МҰТП жалпы саны 45 адам және 12 бірлік техникадан тұратын күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы