Тайвань аралында 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Аягөз Құрмаш

4 адамның қаза тапқаны мәлім болды

Тайвань аралында 7,3 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Hualien County Fire Department / AP

Сәрсенбі күні Тайвань аралындағы Хуалян округінің маңындағы теңіз су аймағында болған 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 97 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синьхуа хабарлағандай, Қытайдың континентальды бөлігі Тайваньдағы 7,3 баллдық жер сілкінісін және одан кейінгі апат жағдайын мұқият бақылап отыр. Сонымен қатар жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге дайын.

«Елдің континентальды бөлігі бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Апаттан зардап шеккен Тайвань отандастарына шынайы жанашырлық білдіреді», - деді ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Тайвань істері жөніндегі кеңсесінің ресми өкілі Чжу Фэнлян.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының хабарлауынша, 7,3 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Одан кейін бірнеше жер сілкінісі Бейжің уақытымен 07:58-де Тайвань аралындағы Хуалян округінің маңындағы теңіз суында болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.