29.03.2024, 09:36
Оқиғалар
Абай облысындағы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды
Аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті
Фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында тасқын су салдарынан келген залалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің шешімімен «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
«Отырыста қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды