Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен қағып, артынша өлімше етіп сабаған

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады

Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен қағып, артынша өлімше етіп сабаған
Видео: telegram.org/@kozachkow

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісіне жасалған шабуылдың видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл Алматы. Мұнда өткен түнде элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен тұрғын арасында қақтығыс болды. Нақты не болғаны әзірге белгісіз, алайда үй тұрғыны күзетшімен сөйлескеннен кейін көлігімен қақпаны соғып, содан кейін көлікпен күзетшіні қағады, сосын оны аяғымен тепкілеп, өлімше етіп сабады», - деп жазады журналист.

Оның айтуынша, жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.

Қылмыстың мән-жайын құқық қорғау органдарындағы анықтайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.