27.03.2024, 15:37
Оқиғалар
«Жағдайы ауыр»: Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Бала ересек адамдардың қарауынсыз қалған
Фото: stockphoto.com
Қызылорда қаласында 3 жасар ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға облыс орталығындағы «Арай-3» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
«Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, бұл – жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Былтыр дәл осындай 14 оқиға тіркелген.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)