$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жүкті әйел таныстарының атына несие рәсімдеген

Бүгінде күдіктінің қармағына түскен осы өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінген

Павлодарда жүкті әйел таныстарының атына несие рәсімдеген
Фото: stockphoto.com

Павлодарда алаяқтық жасап, азаматтарға 15 млн теңге шығын келтірген күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы мен «CiberPol» бөлімшесінің жедел қызметкерлері банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады.

«Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, екінші деңгейдегі банктерде тауарлық кредит ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды», – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінде күдіктінің қармағына түскен осы өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрады.

Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жүкті болғандықтан бұлтартпау шарасы таңдалады.

«Азаматтардан қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін хабарлауға болмайды. Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға алған несиелерден өзіңізді қорғау үшін несие тарихына мониторинг жүргізіп, ондағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет», – деді полиция қызметкерлері.

Серіктес жаңалықтары