$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бразилияда ауа температурасы 62,3°C жетті

Бұл кейінгі онжылдықтағы ең жоғары ауа температурасының көрсеткіші

Бразилияда ауа температурасы 62,3°C жетті
Фото: aljazeera

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында күннің ыстығы 62,3°C жетті. Метеорологтардың айтуынша, бұл кейінгі онжылдықтағы ең жоғары ауа температурасының көрсеткіші, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Aljazeeraға сілтеме жасап. 

Бұл көрсеткіш Рионың батысында жексенбіде таңғы сағат 09:55-те (Гринвич бойынша 12:55) тіркелді. Ипанема мен Копакабана жағажайлары адамдарға лық толды.

«Халық саны артып келеді. Орман ағаштары тұрғын үй құрылысына көптеп пайдаланылып жатыр. Ормандар азайып барады. Мен жағдайдың бұдан ары қарай ушығып кетуінен қорқамын», - деді Рио қаласы Орталық саябағының әкімшілік қызметкері Ракель Коррея.

Биліктің хабарлауынша, алдағы аптада елдің оңтүстігінде қатты нөсер жаңбыр жауады. Жылу индексінің алдыңғы рекорды қараша айында 59,7°C тіркелген болатын.

Серіктес жаңалықтары