19.03.2024, 09:22
Оқиғалар
Ресейде алтын кеніші опырылып, жұмысшылар үйінді астында қалды
Болжам бойынша, үйінді астында қалған 13 жұмысшы тірі
Фото: freepik.com
Ресейде алтын кеніші опырылып, 13 адам үйінді астында қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy RBC-ге сілтеме беріп.
Ресей ТЖМ хабарлауынша, Амур облысының Зейский округіндегі «Пионер» алтын өндіру комбинатының кеніші опырыла құлады. Болжам бойынша, үйінді астында қалған 13 жұмысшы тірі.
Оқиға орнында 25 құтқарушы, ТЖМ техникасының төрт бірлігі жұмыс істеп жатыр.
Өткен жылдың қараша айында Забайкальск өлкесінің Балей ауданындағы «Омчак» алтын кені компаниясының кенішінде де апат болған. Үйінді астында қалған екі адам көз жұмды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
