18.03.2024, 12:19
Оқиғалар
Рудный мектептеріне шабуыл жасау туралы хабарлама тарады
Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде
Фото: Әсет Құндақбаев
Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулердің Рудный мектептерінде шабуыл ұйымдастырып жатқаны туралы хабарлама пайда болды. Қостанай облысының полиция департаменті аталған деректі терістеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз», - делінген полиция департаментінің жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
