$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2020, 09:06
Оқиғалар

Павлодарда науқастармен байланыста болмаған әйел коронавирус жұқтырды

14 сәуір күні науқастан қайта алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті

Павлодарда науқастармен байланыста болмаған әйел коронавирус жұқтырды
Фото: Global Look Press

Павлодарда 1970 жылы туған бір тұрғынның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Алайда, ол бұрын-соңды қауіпті вирус жұқтырған науқастармен еш байланыста болмаған, деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

«10 сәуір күні жедел жәрдем бригадасы жеке қорғану құралдын қолдану арқылы, ЖРВИ белгілері бар әйел адамды уақытша госпитальге жеткізді. COVID-19 вирусына алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Науқасқа өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, өкпе қабынуы бар науқастардан 3-ші тәуліктен кейін қайта анализ алынады. 14 сәуір күні COVID-2019-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.

Әйел адамның сөзінше, ол ешқайда шықпаған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болмаған.

Қазіргі уақытта науқаспен қарым-қатынас жасасқан тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Айта кетсек, кеше Павлодар облысында бір тұрғынның коронавирус жұқтырғаны тіркелген болатын.  

Серіктес жаңалықтары