Мың шаршы метр аумақ жанып кетті
Астанада өрт сөндірушілер қойма үй-жайлары орналасқан бір қабатты ғимаратта болған ірі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Байқоңыр ауданында өрт шықты.
«Сағат 07:20-да Астана қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бөлімшелері Байқоңыр ауданына шақыру бойынша жолға шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 1000 шаршы метр алаңда бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 09:16-да оқшауланды.
Қазіргі уақытта сөндіруге жеке құрамның 70-ке жуық адамы және қаланың ТЖД техникасының 15 бірлігі жұмылдырылған.
ТЖМ әлеуметтік желілерде өрт сөндірушілердің өрт сөндіріп жатқан сәтінен кадрлар таратты.