14.03.2024, 23:16
Оқиғалар
Жамбыл облысында 2,5 млн теңгенің мотор майын ұрлаған 4 адам ұсталды
Ұрланған майды күдіктілер сатып үлгерген
Шу ауданының полиция бөліміне ірі компаниялардың бірінің өкілі хабарласып, автокөлік майының қолды болғанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іске қатысы бар тұлғалардың айтуынша, олар түннің қараңғылығын пайдаланып, ұрлық жасау мақсатында кәсіпорынның қоймасына жасырын кіріп, «Газель» маркалы автокөлігімен 7 бөшкедегі 200 литр мотор майын алып кеткен. Содан кейін олар қаланың ішінде ұрланған майды сатып, ақшаны өзара бөліскен.
«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу шараларын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады