$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2020, 10:41
Оқиғалар

Қарағанды облысында үш балықшының денесі табылды

Тағы бір адамды ТЖД қызметкерлері құтқарып қалды

Қарағанды облысында үш балықшының денесі табылды

Қарағанды облысындағы тоғандардың бірінен суға батып кеткен үш балықшының денесі табылды, тағы бір адамды төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері құтқарып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

«12 сәуір күні жергілікті тұрғындар Қаражал қаласынан 20 шақырым жердегі Қылыш су қоймасынан 1989 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, ол балық аулап жүргенде суға батып кеткен», - делінген ТЖД хабарламасында.    

Сол күні Ақтоғай ауданы Ақөлең ауылынан 4 шақырым қашықта орналасқан Балқаш көлінен жергілікті тұрғындар 1994 және 1993 жылдары туған екі балықшының мәйітін судан алып шықты. 

Екі жағдайда да балықшылар суға жеке құтқару құралдарынсыз түскен. 

Ал Абай ауданы Дубовка ауылы маңында ер адам Соқыр өзенінен өтпек болғанда, өзен ортасындағы құрғақ тұста қалып қойған. Жағалауға жете алмаған ер адамды құтқарушылар түнгі сағат 22:10-да тауып, құтқарып қалды.   

Серіктес жаңалықтары