$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2024, 22:14
Оқиғалар

«4 адам зардап шеккен»: Таразда автобус бірнеше көлікпен соқтығысты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

«4 адам зардап шеккен»: Таразда автобус бірнеше көлікпен соқтығысты
Фото: 24.kz

Таразда жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 5 наурызда Таразда жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен Фурманов көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, Nissan 350Z және Kia Rio маркалы көліктерімен соқтығысып, содан кейін мектептің автотұрағында тұрған Toyota Highlander-ді түйіп өткен.

«Апат салдарынан Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары қолға алынды. 

Серіктес жаңалықтары