04.03.2024, 17:52
Оқиғалар
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бір адам зардап шекті
Бүгін мегаполисте 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Алматыдағы жер сілкінісінен 18 жастағы жігіт зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Денсаулық сақтау басқармасына екі тобығы ішінен сынған 1 адам жүгінді. Мән-жайы анықталуда», - деді Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.
Қаланың 18 жастағы тұрғынына Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жәрдем көрсетілген.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуі Алматы облысында және Жетісу облысында сезілген.
Авторы: Айжан ТЕМІРХАН
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
