04.03.2024, 21:22
Оқиғалар
Алматыда бала жетектеген әйелді автобус қағып кетті
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр
Фото: freepik.com
Алматыда 2024 жылғы 4 наурызда автобус жүргізушісі әйел мен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының жол полициясы өкілдерінің ақпаратынша, жол апаты таңертең Медеу ауданында болған.
«Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда шығыс бағытта жолдың бөлігін кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен», - деп хабарлады полицейлер.
Ведомство әйел қаладағы ең жақын ауруханалардың біріне жеткізілгенін хабарлады. Бала зардап шекпеген.
«Қазір Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлады полиция департаменті.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды