$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды

Эпицентр туралы мәлімет нақтыланып жатыр 

Алматыда тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматыда тағыда жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісі сағат 11:22-де тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр. 

«Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде», - делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада. 

Жер сілкінісінен ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары ғимаратты тастап шықты.

Жер сілкінісі туралы ақпарат толықтырылады.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл», - делінген хабарламда. 

Серіктес жаңалықтары