$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада балықшылар мұзды суға құлап кеткен баланы құтқарды

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы

Астанада балықшылар мұзды суға құлап кеткен баланы құтқарды
Видеодан кадр

Астанада балықшылар мұзды суға құлап кеткен 7 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров қаланың 7 жастағы тұрғынын марапаттады.

Белгілі болғандай, 29 ақпанда 7 жастағы Пусь Дархан атты бала досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі – балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық «қол сағаты» табыс етілді.

«Бұл оқиға бойынша 102 жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген ер адамдардың жедел әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы», - делінген ПД хабарламасында.

Астана қаласы Полиция департаменті ата-аналарға балаларымен мұзға шығудың қауіптілігі туралы ұдайы айтып отыруды ескертеді. Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытып, олардың қауіпсіз аймақта жүргеніне көз жеткізгеніңіз абзал. Сондай-ақ, мұндай мұзды аумақта серуендеуден бас тартқаныңыз дұрыс.

Серіктес жаңалықтары