28.02.2024, 09:41
Оқиғалар
Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды
Оқиға 28 ақпанда таңғы уақытта болған
Видеодан кадр
Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мыңға жуық бөдене қырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облысық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04.30 шамасынла болған.
«Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ, алайда 4 мың бөдене өртеніп кеткені айтылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Өрт сағат 05.41-де оқшауланып, 06.12-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)