16.02.2024, 17:12
Оқиғалар
Ақмола облысында 2 жасар қызды абайсызда өз әкесі көлікпен басып кетті
Балақай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды
Фото: freepik.com
Ақмола облысында екі жасар кішкентай қыз балабақша маңында мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ата-анасы әдеттегідей таңертең «Шаңырақ» балабақшасына екі жастағы қызын алып келген. Анасы қызымен балабақшаға шығып кеткенде әкесі көлікті аздап кейін жылжытып қоймақ болады. Бірақ әлі өтіп үлгермеген балақай көлік дөңгелегінің астында қалады.
Қазіргі уақытта оқиғаның қалай болғанын куәгерлер талқылап жатыр. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Балақай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Өкініштісі, әкесі аңдаусызда туған қызының өліміне себепкер болды. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты