16.02.2024, 13:49
Оқиғалар
Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Өрттің себебі анықталып жатыр
Фото: Жетісу облыстық ТЖД
Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 10:58-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды