Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді
Алматыда Райымбек даңғылы бойында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
«13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 бағыттағы автобустың жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан №133 автобус қатар келе жатқан №88 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», - деп хабарлады Алматы полициясы.
Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі екені анықталды.
«Жол-көлік оқиғасы фактісін Медеу аудандық полиция бөлімі қызметкерлері анықтап жатыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайлары әлі анықталып жатыр.
Еске салсақ, Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатын.