Павлодар облысында 19 жастағы қыз алимент төлемеген әкесін сотқа берді

Azattyq Rýhy

Ол әкесінен оқуының ақысын өтеуді талап етті

Павлодар облысында 19 жастағы қыз алимент төлемеген әкесін сотқа берді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Успен ауданының 19 жастағы тұрғыны әкесінен университетте оқуға қажетті соманы өндіріп алу үшін сотқа жүгінді. Алайда, іс соттың үкім шығару процесіне дейін жеткен жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy irbistv.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліментінше, бойжеткен сотқа жүгініп, 21 жасқа дейін әкесінің алимент төлеуге міндетті екенін алға тартқан.

«Қыз университетте күндізгі бөлімде оқиды, осыған байланысты материалдық қолдау қажет. Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен істі тоқтату туралы өтініш білдіріп, сотқа медиативтік келісімді ұсынды»,-деп хабарлады Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, сот шешімі шығарылмаса да, қыз өз қалауына қол жеткізе алды. Әкесі оған оқу кезінде қаржылау қолдау көрсетуге міндеттенді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.