12.02.2024, 18:27
Оқиғалар
Ақтөбелік келіншектің көлігін танысы ұрлап кеткен
Оқиға бойынша екі күдікті қамауға алынды
31 қаңтарға қараған түні Ақтөбедегі көпқабатты үйдің ауласында «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігі ұрланды. Жол талғамайтын көліктің иесі шығынын 25 млн теңгеден астам сомаға бағалаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазонға сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта екі күдікті анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің танысы болып шықты.
Өткен жылы көліктің иесі оған темір тұлпарының дабылын ауыстыруды сеніп тапсырған.
Көлік Орал қаласында күдіктінің таныстарының үйінен табылған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді