Қостанай облысында күйеуіне жақтасқан әйел полицейлерге дене жарақатын салды

Azattyq Rýhy

Осы факті бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды

Қостанай облысында күйеуіне жақтасқан әйел полицейлерге дене жарақатын салды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында ауыл тұрғыны полицейдің заңды талабына бағынбаған, ал оның әйелі полицейлерді қорлап, дене жарақатын салған. Осы факті бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, 10:00-де аумақты аралау кезінде полицейлер дүкеннен мас күйінде шыққан Қарабалық кентінің тұрғынын байқады. Оның қолында алкогольді өнім салынған бар пакет болған.

«Ер адам тоқтау туралы талапқа бағынбай, қаша жөнелген. Әйел күйеуін жақтап, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде оларды қорлай бастады. Ол тәртіп сақшысының бас киімін жұлып алып, телефонмен басына соққы жасады. Екіншісінің бетінен де соққан. Ерлі-зайыптылр агрессивті болды. Сараптама ауыл тұрғынында мас болудың «орташа дәрежесін» көрсетті», - делінген хабарламада.

Қостанай облыстық ПД-да дүкенде алкогольді өнім тыйым салынған уақытта сатылу дерегі бойынша да тексерулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.