$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутат букмекерлік кеңселер жайлы заң жобасын Үкімет 1,5 жыл ұстап отырғанын айтты

Ол бұл мәселеде жеке тұлғалардың мүддесі барын айтты 

Депутат букмекерлік кеңселер жайлы заң жобасын Үкімет 1,5 жыл ұстап отырғанын айтты

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев букмекерлік кеңселердің жұмысын реттеу туралы заң жобасы Мәжіліске 1,5 жыл түспей отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Күні кеше Үкімет басшысын таныстырдық. Біз 1,5 жыл бұрын Үкіметке заң жобасын ұсындық. Мен бұл заң жобасы Мәжіліске өтпегенше дейін қайталай беремін. Ол заң жобасы букмекерлік кеңселердің жұмысын реттеу, лудоманиямен күрес жайлы болатын. Осыдан 6 ай бұрын Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Ол Қазақстанда лудомания мәселесі бар екенін айтты. Әртүрлі ресми емес мәліметтер бойынша трлн теңгеден астам қаражат айналымда екенін хабарлайды. Заң жобасын Үкімет 1,5 жыл ұстап отыр. Осы орайда Үкіметке сұрақтар туындайды», - деді ол. 

Депутат мұның астарында жемқорлыққа күдіктілік, жеке адамдардың мүддесі болуы мүмкін екенін айтады. 

«Барлық букмекерлік кеңсе мен лотерея бизнесімен айналысатындар кейбір кездесулерде бұл заң жобасын өткізбейтіндерін айтады. Барлық күшімізді саламыз дейді. Олар қомақты ақша ұсынуы мүмкін деп ойлаймын. Бізде жемқорлық қайда жасырынып отыр? Осындай заң жобасын ұстап отыр. Заңда біз ойын ойнауды 25 жасқа дейін шектеуді көздедік. Бірақ ол заң бізге жетпей жатыр», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары