$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2020, 05:30
Оқиғалар

40-тан астам атыраулық түнгі серуен үшін жауапқа тартылды

Атырау облысында 269 адам төтенше жағдай ережелерін бұзған

40-тан астам атыраулық түнгі серуен үшін жауапқа тартылды

Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап облыс аумағында 269 адам әкімшілік  жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.

Оның ішінде 10 адам ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша (төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер), 211 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен 88 адамға қатысты әкімшілік айыппұл салынып, 89 азамат қамауға алынды.

«Тек 10 сәуірге қараған түні Атырау қаласында түнгі серуендері үшін 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде төртеуі шетел азаматтары. Сағат 23.30-да Азаттық даңғылы бойында  полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатты. Атырау қаласында уақытша тұратын Түркия елінің  азаматы әрі  бетпердесіз болған. Сағат 00.20-да Байтұрсынов көшесінде патрульдермен тоқтатылған   жас жігітте түрік азаматы болып шықты. Осы түнде карантин режимін бұзғандардың арасында Өзбекстан Республикасының да екі азаматы болды. Құқық бұзғандарға қатысты ӘҚБтК 476-бабының 6-бөлігі бойынша ресімделген материалдар  сотқа жолданды», - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері ТЖ талаптарын бұзу фактілері бойынша 40-тан астам субъект жауапкершілікке тартылды,олардың арасында, алты кафе, он азық-түлік емес дүкендер, тоғыз асхана, үш букмекерлік кеңселер , бір фотосалон, екі компьютер клубтары, бір  шаштараз, бір  сауна, екі көлік жуу орны бар.

«Карантин кезеңінде белгіленген ережелерді сақтамаған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша ескерту алады немесе 10 АЕК (26510 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады (төтенше жағдай режимін бұзу)», -  деп ескертеді облыстық полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары