$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құбыр жарылған: Алматыдағы бүтін бір отбасын жалмаған апаттың себебі айтылды

Лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 текше метрге жеткен

Құбыр жарылған: Алматыдағы бүтін бір отбасын жалмаған апаттың себебі айтылды
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыдағы тау бөктерінде топырақ жылжып тұрғын үйді басып қалуына су құбырының жарылуы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ баспасөз қызметінен хабарлағандай, лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 текше метрге жеткен.

«2024 жылы 8 ақпанда түнгі сағат 02:20-да тау баурайының ортаңғы бөлігінде төселген су құбырының үзілуі салдарынан топырақ батпақтанып, артынша Алматы қаласы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданы Олимпия көшесіндегі № 3а және №3 жеке үйлерін басып қалды», - делінген хабарламада.

Тау баурайы сары топырақты саздақтан тұрады, бұл учаскедегі көлбеу тіктігі шамамен 45-50 градус болады.

Сондай-ақ Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Тау Самалы шағынауданында лай көшкінінің болуына қатысты инженерлік желілердің жағдайына түсініктеме берді.

«Қазір Тау-Самалы шағынауданында жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті күйде. Жеке сектордағы көптеген тарату желісі стандарттарға сәйкес келмейді. Жақын арада бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен болатынбыз. Біз «Балқаш» су көзін көрсеттік, жаңа скважиналар – бұл бірінші кезең. Екінші кезең –тарату желілерін жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу, өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес», - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Еске салсақ, 8 ақпанда түнде Медеу ауданының «Тау Самалы» шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында лай көшкіні болып, бір үйді толық басып қалған. Үйінді астында қалған төрт адамның: екі ересек, екі баланың денесі табылды. Олардың барлығы – бір отбасының адамдары.

Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қаза болғандарды жерлеуге әкімдік көмектесетінін мәлімдеді. Слндай-ақ отбасының шетелде оқитын үлкен ұлына көмек көрсетілмек. 

Серіктес жаңалықтары