Ресейдегі тікұшақ апаты: бір адамның денесі табылды
Қалған екі экипаж мүшесі әлі табылған жоқ
Құтқарушылар Карелиядағы Онежское көлінің түбінен РФ ТЖМ Ми-8 тікұшағының экипаж мүшелерінің бірінің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қалған екі экипаж мүшесі әлі табылған жоқ. Тікұшақ бір күн бұрын оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған.
«Мәскеу уақытымен сағат 21: 16-да сүңгуірлер қаза тапқан экипаж мүшесін көл бетіне шығарды. Мәйіт тікұшақтың ішінен табылды», - делінген хабарламада.
Мәскеу уақытымен 00:00-ге дейін сүңгуірлер жұмысын жалғастырады, содан кейін роботтың көмегімен көлдің түбі зерттеледі.
Еске салсақ, 4 ақпанда Онежское көлінің үстіндегі оқу- жаттығу ұшуы кезінде Карелия Республикасының Прионеж ауданындағы Деревянное елді мекеннің маңында Ресей ТЖМ Солтүстік-Батыс авиациялық-құтқару Орталығының Ми-8 тікұшағы байланысқа шығуды тоқтатқан.
Кейін Ми-8 тікұшағының бөлшектері Деревянное ауылынан 10 шақырым жердегі Онежксое көлінен табылды.
Оның фюзеляжының бір бөлігі іздестіру жұмыстарына жақын жерде мұздан табылған.
Ми-8 тікұшағы 2004 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің есебінде тұр.
ТЖМ тікұшақты тәжірибелі ұшқыштың басқарғанын мәлімдеді. Қазір көліктегі тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Тергеу тікұшақ апатының бірнеше нұсқасын қарастырады, олардың арасында техникалық ақау, экипаждың қателігі, ауа-райы жағдайлары ескеріледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, Ми-8 тікұшағы тез мұзданып, экипаж борттағы проблеманы айтып үлгермеген.