05.02.2024, 10:08
Оқиғалар
«Ұрып-соғып, тұншықтырған»: Астанада балаларға шабуыл жасаған азамат ұсталды
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде ер адамның балаларға шабуыл жасаған видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhу.
Аталып өткендей, оқиға Астанада «Эдем палас 2» ТК кіреберісінде болған. Ер адам үш балаға шабуыл жасап, біреуін бетінен ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін тұншықтырған.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды