$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2024, 23:12
Оқиғалар

Семейде көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен 15 адам эвакуацияланды

Зардап шеккендер жоқ

Семейде көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен 15 адам эвакуацияланды
фото: ашық дереккөзден

Семей өрт сөндірушілері көпқабатты тұрғын үйдегі өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі 2 ақпанда сағат 18:10-да өрт сөндіру бөліміне қаладағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы ақпарат түскенін хабарлады.

«Сағат 18:17-де келген өрт сөндірушілер балконның үй-жайында 6 шаршы метр алаңда жеке заттар, қаптамалар, терезе және есік блоктары жанғанын анықтады. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 18:30-да өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп түсіндірді ТЖД.

Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар көппәтерлі 5 қабатты үйден баспалдақ маршымен 15 адамды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ бір газ баллоны шығарылды. Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары