Ботақарадағы газ жарылысы: зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Ботақарадағы газ жарылысы: зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Аудан әкімі барлығына қажетті көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Олардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз. Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы ТЖ жариялады», - деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали. 

Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазКҚДИ (КазМИРР) сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлеріне орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешіледі. 

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. 

«Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын-ала себебі — газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды», - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Еске салсақ, Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйдің екінші қабатындағы пәтерде цилиндрлік газ жарылды. Төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.