Түркістанда тұрғындарды алдап банкоматтан ақшасын шешіп алған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген

Түркістанда тұрғындарды алдап, олардың банк карталарынан ақша шешіп алған ер адамды ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға төрт тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында белгісіз азамат ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде «сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады» деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған. Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген.

«Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада.