$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2024, 22:23
Оқиғалар

Қызылордада мас күйінде көлік айдаған жүргізуші полицейді қағып кетті

Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Қызылордада мас күйінде көлік айдаған жүргізуші полицейді қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Қызылордада көлікті мас күйінде айдаған жүргізуші полиция қызметкеріне автокөлікпен дене жарақатын келтірді. Оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген ол көп ұзамай қолға түсті. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында «Volkswagen Touareg» маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгісі талабын сақтамағаны үшін тоқтауды сұраған. Ол полиция талабына бағынбай, қалаға іргелес Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен.

«Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері автокөлік алдынан жаяу шығып тоқтатуға әрекеттенген. Жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. «Тосқауыл» арнайы жоспары енгізілді. Кезекші тәулікте 32 жастағы күдікті ұсталып, орта дәрежелі масаң екендігі анықталды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, автокөлік айыптұраққа қойылды. Қазір оған билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары