25.01.2024, 11:47
Оқиғалар
Павлодар облысында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті
Зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды
Фото: azh.kz/kz
Павлодарда жолда мас күйде құлаған адамды көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Успен ауылындағы Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайтыс болған адам болжаммен мас болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)