23.01.2024, 12:25
Оқиғалар
Алматыда болған жер сілкінісінің видеосы тарады
Жер сілкінісі бір минуттан ұзақ болған
Алматыда болған жер сілкінісі видеоға түсіп қалған. Камера тауда орнатылғандықтан қала алақандағыдай болып тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Видеода жер сілкінісі бір минуттан астам уақытқа созылған. Басталу уақыты 00:09 деп көрсетілген.
Еске салсақ, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.
Алматы - 5 балл, Шымкент-2 балл. Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды