22.01.2024, 12:10
Оқиғалар
Атырау облысында 13 күн бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр
Қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Атырау облысында 13 күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Жылыой ауданының 39 жастағы тұрғыны 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен. Сол күні түнгі сағат 22:30 шамасында анасына «Зираттың жанында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.
Содан соң еш хабар болмаған. Туыстарымен байланысқа шықпапты. Оның қай бағытқа кеткені белгісіз болып отыр. Қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды