16.01.2024, 09:14
Оқиғалар
«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қаза тапты
Қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған
Фото: Максим Серков / NGS42.RU
«Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде бағыттау бекетінің кезекшісі пойыз астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай,қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.
«Кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болды. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды», - делінген хабарламада.
«Шұбаркөл Көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін жеткізді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды