15.01.2024, 22:53
Оқиғалар
Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Жазатайым оқиға бүгін, 15 қаңтарда «Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болған.
Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.
«Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. «Шұбаркөл Көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді», — деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды