10.01.2024, 21:18
Оқиғалар
Қызылорда облысында төбелес кезінде мектеп оқушысы қайтыс болды
Қайғылы оқиға екі жасөспірімнің сөзге келіп, балағат сөз айтуынан басталған
Фото: freepik.com
Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылының 9 және 8-сынып оқушысының қатысуымен қылмыстық оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева оқушының оқиға орында қайтыс болғаны анықталғанын айтып отыр.
«Екі жасөспірім сөзге келіп, біріншісі балағат сөз айтқаны үшін екіншісін жұдырықпен көкірек тұсынан бір мәрте ұрып, алған дене жарақатынан жасөспірім жерге құлап оқиға орында қайтыс болғаны анықталған. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болған баланың отбасына қайғырып көңіл айтамыз», - деді ол.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды